Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте желтоқсанның басында Қазақстанға сапармен келеді деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
Рютте 2 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек.
Ресми мәлімет бойынша, кездесуде екі жақты қарым-қатынас пен халықаралық кейбір маңызды мәселелер талқыланбақшы.