Қарашаның 22-сі күні сағат түнгі 00:22 -де Қырым жарықсыз қалды. Содан бері бір апта өтті. Қарашаның 24-і Қырым энергетика және отын министрі қызметінен алынды. Ресей төтенше жағдайлар министрі (ТЖМ) Владимир Пучков келгенімен, түбектегі жағдай өзгермеді. Кейбір ауылдарға әлі күнге электр қуаты уақытша болса да берілген жоқ. Украинадан келетін негізгі электр қуаты желісі үзілген төртінші күні Қырымның троллейбус паркі жұмысын доғарды. Қырымға электр қуаты қашан толық берілетіні белгісіз.
Қараңғы Қырым
Қарашаның 22-сі күні сағат 00:22-де Қырым жарықсыз қалды. Содан бері апта өтті. Азаттықтың Қырым қызметінің фотогалереясы.