Accessibility links

БҰҰ: бір айда Иракта 888 адам өлген


Иракта соғысып жүрген содырлар.
Иракта соғысып жүрген содырлар.

БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, биылғы қарашада Иракта террорлық шабуылдар, зорлық пен әскери қақтығыстан 888 адам өлсе, алдыңғы айда 714 адам көз жұмған.

БҰҰ Иракты қолдау миссиясының бүгінгі мәлімдемесінде қарашада өлген 489 адамның негізінен бейбіт азаматтар мен полиция қызметкерлері екендігі айтылған. Қалған 399 адам елдің қауіпсіздік қызметкерлері мен үкімет әскері жағында соғысқан күрд әскерилері болған.

БҰҰ бұл мәліметтерге Ирактың Анбар провинциясында өлгендердің санын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларының бақылауында болғандықтан енгізу мүмкін болмағанын ескертті.

XS
SM
MD
LG