Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеудің өз отбасы мен Түркия «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобынан мұнай сатып алып отыр деген мәлімдемесіне жауап ретінде Ресейді «жала жапты» деп айыптады.
Катар университетінде сөйлеген Ердоған «Түркияға ИМ тобынан мұнай сатып алады деп жала жабуға ешкімнің құқығы жоқ» деп мәлімдеді.
2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов Түркия президенті Ердоған мен оның отбасының «ИМ тобымен заңсыз мұнай саудасына қатысы» туралы айтқан. ИМ тобына Түркияға «мұнай тасымалданатын» үш жолды білетінін айтқан Антонов «Түркияның жоғары басшысы, президент Ердоған мен оның отбасының бұл қылмысты бизнеске қатысы бар» деп мәлімдеген.
Ол президент Ердоғанның ұлы Түркияның жетекші энергетикалық компаниясын басқаратынын, ал күйеубаласы – Түркия энергетка министрі болып тағайындалғанын атап айтқан.