Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап нарықта бағаны реттеу саясатынан бас тартады деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин.
Астанада брифингте сөйлеген Жұманғарин 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап комитет бәсеке аса дамымаған нарықта ғана бағаны реттеумен айналысатынын, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бағаны реттеуді доғаратынын айтты.
«Қазір табиғи монополиялар субъектісінен өзге темір жол тасымалы, газбен, электр қуатымен қамтамасыз ету сияқты реттелетін нарықтар бар. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз доминанттар тізімінде бәсеке аса дамымаған нарықтарды реттеуді қалдырамыз. Ал 2017 жылдан бастап бағаны реттеуден бас тартамыз. Себебі, кез-келген бағаны реттеу әрекеті – бизнес үшін кедергі. Бірақ мұның орнына монополияға қарсы реттеу құралдары іске қосылады» деген Жұманғарин.
Бірақ ол бағаны астыртын қолдан өсірмеуді комитеттің қадағалап отыратынын айтады.