Accessibility links

Трамп: Мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу керек


АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үміткер Дональд Трамп. Солтүстік Каролина, 7 желтоқсан 2015 жыл.
АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үміткер Дональд Трамп. Солтүстік Каролина, 7 желтоқсан 2015 жыл.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үмітті Дональд Трамп АҚШ-қа барлық мұсылмандардың кіруіне бірдей тыйым салуды ұсынды. Трамп 7 желтоқсанда "Тыйым әзірге еліміз не болып жатқанын ұғынып алмайынша сақталуы тиіс" деді. Трамп бұл мәлімдемесін 2 желтоқсанда Калифорния штатының Сан-Бернардино қаласында болған шабуылды билік теракт деп қарастырылып, оған исламшыл радикалдарды кінәлай бастаған соң жасап отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін ұйымға жасалған шабуылдан 14 адам қаза тауып, 22 адам жараланған.

Ақ үй өкілдері Трамптың мәлімдемесін АҚШ ұстанатын құндылықтарға мүлдем қайшы келеді деп, оны "сайлауалды кампаниясында өзіне қолдау табу үшін адамдардың үрейін пайдаланып қалуға тырысады" деді.

Республикашыл партиядан президенттікке түсуге үмітті Джеб Буш Трампты "қызба" деп атады. Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Хиллари Клинтон Трамптың ұсынысын "ұятқа қалдыратын, бір жақты, алауыздық тудырады және елдің қауіпсіздігін әлсіретеді" деді.

Америка-ислам қатынастары кеңесінің атқарушы директоры Нихад Авадтың сөзінше, Трамп "ұлы мемлекеттің емес, жазалаушы топтың жетекшісі ретінде" сөйлеген.

XS
SM
MD
LG