Accessibility links

Еңбек мигранттарын туберкулезге тегін тексермек

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Тілеухан Әбілдаев (оң жақта) Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 8 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстандағы еңбек мигранттары енді туберкулез жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін тексеруден тегін өте алады деп хабарлады ​денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Тілеухан Әбілдаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Түрлі халықаралық ұйымдардың демеушілігімен қызмет ететін Project HOPE денсаулық сақтау қоры Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент қалалары және Алматы облысының медициналық ұйымдарымен бірлесіп, еңбек мигранттарын туберкулез тексеруінен тегін өткізбек.

Project HOPE қорының үш жылға есептелген жобасы бойынша, үкіметтік емес ұйымдар еңбек мигранттары арасында туберкулез ауруы туралы және оның емі жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанда 2014 жылы туберкулез жұқтырған 11 мың 458 адамның 123-і еңбек мигранты болған.

XS
SM
MD
LG