Accessibility links

Харьковте Roshen дүкенінде жарылыс болды


Roshen компаниясының өнімі. (Көрнекі сурет.)
Roshen компаниясының өнімі. (Көрнекі сурет.)

Украинаның Харьков қаласында Roshen кондитерлік компаниясының фирмалық дүкенінде 9 желтоқсанға қараған түні жарылыс болды деп хабарлайды УНИАН агенттігі. Ешкім зардап шекпеген. Жарылыс әсерінен дүкен сөрелері мен есіктердің әйнектері сынған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, сарапшылар мен Украина қауіпсіздік қызметінің өкілдері, прокурорлар барған. Полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алған.

Куәгерлер жарылыс болардан аз уақыт бұрын дүкенге жақын орналасқан жанармай құю станциясында «Украина» деген жазуы бар сары түсті куртка киген ер адамды байқағандарын айтады.

Roshen компаниясын Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко құрған. Маусым айында ол компаниядағы акциясын Ротшильдтер компаниясының басқаруына бермек ниеті барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG