Украина қауіпсіздік қызметі «диверсиялық барлау тобына қызмет еткен» деген күдікпен Ресейдің екі азаматы мен үш украиналықты ұстағаны туралы Facebook-те Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі Алена Гитлянская хабарлады.
Күдіктілерді ұстауға «Альфа» арнайы жасағы қатысқан. «Диверсиялық топ» мүшелерінің бірі қарсылық көрсетіп, оққа ұшқан. Екі арнайы жасақ сарбазы жараланып, олардың бірі кейін ауруханада көз жұмған.
Гитлянскийдің жазуынша, «диверсиялық-барлау тобы» Украинаның бірнеше қаласында әрекет еткен. Киевтегі бір мекен-жайдан өздігінен жарылатын бомба, төрт килограмм тротил, автомат, 40-тан аса граната мен екі мыңдай оқ, жарылғыш заттардың бөлшектері табылған.
Топтың нақты қандай диверсиялық әректетер жасамақ болғаны және топтың қалай әшкере болғаны туралы айтылмайды.
Украиналық Еспресо.TV телеарнасының дереккөздері арнайы операция терроризмге күдікті, Дағыстаннан шыққан азаматты іздеумен байланысты жүргізілгені туралы хабарлады. Ақпарат құралдары «Альфа» жасағы дағыстандық күдіктінің көзін жойған дейді.