Франция сыртқы істер министрі Лорен Фабиус климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі халықаралық келісім түзуге қатысты келіссөз бір күнге ұзарғанын хабарлады.
Фабиус ымыраға келетін келісім жобасын 12 желтоқсанда ұсынатынын айтты. БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты конференциясына 195 елдің өкілдері қатысып жатыр. Конференция 11 желтоқсанда аяқталуы тиіс еді. «Конференция ауаны жақсы, позитивті жағына қарай ауып барады» дейді Фабиус.
Бірақ келіссөзден хабары бар дереккөз Reuters агенттігіне «бейсенбідегі келіссөздің өте ауыр өткенін» айтқан.
Келіссөзде дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер арасындағы парник газын шығару көлемінің теңгерімін айқындау және ауаға шығаратын түрлі қалдықтарды азайту туралы ұзақ мерзімдік келісім жасау талқыланып жатыр.
Қытайлық телеарналар Қытай президенті Си Цзиньпин 10 желтоқсанда АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесіп, климаттың өзгеруіне қатысты ынтымақтастықты жалғастыра беруге уағдаласқаны туралы хабарлады.