Accessibility links

Украина парламентінде төбелес болды


Украинанлық депутат Олег Барна парламент мінберінен премьер-министр Арсений Яценюкті қуып жіберуге әрекет жасап жатыр. Киев, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Украинанлық депутат Олег Барна парламент мінберінен премьер-министр Арсений Яценюкті қуып жіберуге әрекет жасап жатыр. Киев, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк бүгін ел парламенті – Жоғарғы Радада үкіметтің жұмысы туралы есеп беріп тұрғанда төбелес шықты. «Петр Порошенко блогының» депутаты Олег Барна бір құшақ гүлмен Яценюкке жақын келіп, оны күштеп мінберден кетіруге әрекет жасаған. Осы кезде өзге депутаттар жетіп барып, Барнаны мінбер жанынан әкетпек болғанда төбелес басталған.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Киевтегі парламент алдында Яценюк үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен акция өтіп жатыр. Митингіге шыққандар Грушевский көшесін жапқан. Шерушілердің қолдарында «Яценюк, кет!», «Байден, Яценюкті алып кет!», «Үкіметтің отставкаға кетуін талап етеміз!» деген жазулар бар. Митинг өтіп жатқан жерге кәсіподақтардың Киев қалалық кеңесі мен Украина кәсіподақтары федерациясының туларын ұстаған адамдар барған.

Маринский паркінде түрлі символдары бар тулар ұстаған тағы 200 адам жиналған.

Жоғарғы Радада сөйлеген Арсений Яценюк биыл Украинада инфляция деңгейі 42 пайызды құрап, баға қымбаттауына қатысты «әлеуметтік қолдау көрсету мүмкін болмағанын» айтқан.

XS
SM
MD
LG