Accessibility links

ЛХР: жікшіл казактар командирі "Батя" қаза тапқан


Луганскідегі сепаратистер командирі Павел Дремов ("Батя").
Луганскідегі сепаратистер командирі Павел Дремов ("Батя").

Украинаның шығысында өзін-өзі жариялап алған «Луганск халық республикасы» (ЛХР) сепаратистері «Халық милициясы» деп аталатын казактар полкінің командирі Павел Дремовтің қазасына украиналық билікті айыптайды.

Бұған дейін сенбі күні Первомайск кенті маңында жарылыс болған автокөлікте отырған Дремовтің мерт болғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек жарылыс салдарынан жараланған көлік жүргізушісі де жап тапсырған.

«Украинская правда» сайтының ақпараты бойынша, «Батя» деген лақап атпен танымал Павел Дремов 2014 жылы көктемде сепаратистер басып алған Стахановтың біраз уақыт бейресми басшысы болған.

2015 жылы қазанда ЛХР-дің заңсыз қарулы құрылымдарының жекелеген бөлімшелерін бақылайтын Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі ресейлік басшылыққа бағынбайтын мінез таныта бастаған Дремовті сепаратистер күштерін басқарудан шеттеткені туралы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG