24-бригаданың рота командирі еріктілерді ұрыс тәсілдеріне үйретеді. Жаттығулар Луганск облысындағы қараусыз қалған пионер лагерінде апта сайын өтіп жатыр. Командир еріктілерді қала ішіндегі бетпе-бет ұрыстарға бейімдеп жатқанын айтады. Жаттығулар түрлі сценарилермен жасалады. Жаумен көше бұрыштарында ұшырасып қалған жағдайдағы әрекеттер, ғимаратты басып алу тәсілдері пысықталады. Қоян-қолтық төбелес әдістері де үйретіледі. Командир сөзіне қарағанда, еріктілер ұрыс өнерін тез меңгеріп жатыр. Ол "қалалардың жақын орналасуы, жол қиылыстарындағы қақтығыстар ықтималдығы еріктілерден бетпе-бет соғыс тәсілдерін білуді талап ететінін" айтады. Рота командирі "2014 жылы ресейшіл сепаратистермен соғыста жинаған тәжірибемізді үйретіп жатырмыз" дейді. Еріктілер Украинаның барлық аймақтарынан келген. Ең жасы 20-да, үлкені 57 жаста.
Қаладағы ұрысқа машықтану
Луганск облысында Украина әскері қатарына сұранып келген еріктілерді қала ішіндегі ұрыстарға жаттықтырып жатыр.