Accessibility links

Доллар бүгін екінші рет қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін күндізгі сауда сессиясында доллардың орташа бағамы тағы да қымбаттап, 331 теңге 33 тиынды құрады. Бұл - бүгін таңертеңгі сауда сессиясынан 8 теңге 86 тиынға артық.

Биржа мәліметі бойынша, бүгін таңғы және күндізгі сессияда барлығы 511 миллион 550 мың доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындары мен банктерде доллар 332-335 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан валютасы биыл жыл басынан бері долларға шаққандағы құнының 80 пайызға жуығына дейін жоғалтты. Қазақстан билігі теңге бағамының құлдырауын әлемде мұнай мен шикізат бағасы арзандап, түсетін кірістің азаюымен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG