Accessibility links

Ұлттық банк: Теңге құлдырауына мұнай себеп


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы бағамының аз уақытқа құбылуын реттеу үшін қор нарығына қатысып жатқанын, бірақ шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын реттеуге ықпал етпейтінін мәлімдеді.

Ұлттық банктің бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, теңге бағамын әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға динамикасы және ішкі нарықтағы валютаға сұраныс айқындайды.

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы желтоқсанның басынан бері барреліне 44,4 доллардан 37,8 долларға (15 пайызға) дейін арзандаған. Ұлттық банк мұнай бағасының арзандауы теңге бағамына қосымша ықпал еткенін айтады.

Қазақстан қор биржасында кеше бір күнде доллардың орташа бағамы 311 теңге 92 тиыннан 331 теңге 33 тиынға дейін қымбаттаған. Бүгін банктер мен ақша айырбастау орындарында доллар 337-340 теңгеден сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG