Accessibility links

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына - 29 жыл

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Желтоқсан оқиғасы құрбандары құрметіне тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне жиналғандар гүл қойып, Желтоқсан оқиғасы салдарынан мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Cыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков және өзге марқұмдарға құран бағыштады. Еске алу шарасына кейбір саясаткерлер, қоғамдық белсенділер, қала әкімі Бауыржан Байбек бастаған шенеуніктер қатысты.

XS
SM
MD
LG