Accessibility links

Савченко өзін босатуды талап етіп аштық жарияламақ


Надежда Савченко сот залында.
Надежда Савченко сот залында.

Ресейдің Ростов облысындағы Донецк қалалық соты украиналық әскери қызметкер Надежда Савченконы тұтқында ұстау мерзімін 2016 жылғы сәуірдің 16-сына дейін ұзартты. Осылайша судья прокуратура өкілдерінің өтінішін қанағаттандырды.

Бұл шешімге наразылық ретінде Надежда Савченко өзін қамаудан дереу босатуды талап етіп, ертеңнен бастап аштық акциясын бастайтынын мәлімдеді.

Ресей құқық органдары Надежда Савченконы былтыр Украинаның Луганск облысында мерт болған ресейлік екі журналистің қазасына айыпты санайды. Ресей тергеушілері «Савченко украиналық әскерилерге қай бағытқа ату керектігін айтып отырған» және «Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен» дейді. Савченко тағылған айыптарды мойындамайды және өзін сепаратистер Украинада ұстап, Ресейге еркінен тыс әкелгенін айтады.

Былтыр шілде айында тұтқындалғаннан бері Савченко екі рет аштық акциясын өткізген.

XS
SM
MD
LG