Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 341 теңге 94 тиынды құрады. Бұл - 15 желтоқсанда таңертеңгілік саудада тіркелген бағамнан 4 теңге 14 тиынға артық. Биржада 16 және 17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай сауда болған жоқ.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 343-344 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан ұлттық банкі осы аптаның басында теңге бағамы әлемдік қаржы, сауда нарықтарындағы бағамы және ішкі нарықтағы шетел валютасына сұраныс бойынша түзілетінін хабарлаған. Теңге бағамы әлемде мұнай бағасының және Ресей рублінің арзандауымен қатар төмендеп жатыр.