Accessibility links

Петрушова: Сырым Шалабаев кепілге босатылды


Интерполдың Сырым Шалабаевты іздеген дерегі.
Интерполдың Сырым Шалабаевты іздеген дерегі.

Литвада Интерполдың талабымен ұсталған Сырым Шалабаев (Франция түрмесінде Ресейге экстрадициялауды күтіп отырған БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің балдызы - ред.) кепіл төлеп босап шықты деп хабарлады «Республика» сайтының бас редакторы Ирина Петрушова Facebook-парағында. Оның дерегінше, Сырым Шалабаевты экстрадициялау жайы ақпанда қаралмақ.

2003 жылдан бері Қазақстаннан тыс жақта тұратын Шалабаев Лондон сотының қамауға алу туралы үкімі шыққан соң қашып, саяси баспана іздеп Литваға келген. Оның әйелі Айгүл мен 18 жастағы қызы Жанна (Ұлыбритания азаматтары) қазір Вильнюс қаласында тұрады. Сырым Шалабаев шілденің 28-і күні Литвада Интерпол желісі арқылы ұсталған. Шілдеде Вильнюс соты оны үш айға қамауға санкция берген.

Тамыз айында Сырым Шалабаевты беруді сұрап Литваға өтініш жолдаған Қазақстан прокуратурасы қазанда қосымша құжат та жіберген. Шалабаевты қылмыстық айыптармен экстрадициялауды екі мемлекет - Қазақстан мен Украина қатар талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG