Accessibility links

АҚШ Конгресі мұнай экспорттауды мақұлдады


АҚШ Конгресі ғимараты.
АҚШ Конгресі ғимараты.

Жұма күні АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы, онан соң сенат бюджеттің шығыс бөлігін бекіту және шикі мұнай экспортына салынған тыйымды алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады.

Мұнай экспорттауға салынған тыйымды жоюға қарсы болып келген демократтар экологияны қорғау шаралары, соның ішінде жел күші және күн көзінен қуат өндірушілерге салық жеңілдіктерін ұзарту туралы ұсыныстарын өткізген соң, заң жобасы қабылданды. Заң жобасына қатысты демократтар мен Конгресте көпшілік дауысқа ие республикашылар арасында жылға жуық уақыт қызу пікірталастар өткен еді.

Қабылданған құжат бойынша, атқарушы биліктің жұмысына 2016 жылдың қыркүйегіне дейін 1,1 триллион доллар бөлінді. Заң жобасында еңбек ететін отбасылар мен бизнеске салық жеңілдіктері қарастырылған.

Конгресс қабылдаған заң жобасы АҚШ президенті Барак Обамаға қол қоюға жіберілді.

АҚШ-тан шикі мұнай экспорттауға тыйым салған заң 1975 жылы күшіне енген болатын. Бұл тыйымға сол кезде бірқатар араб мемлекеттерінің шетке сататын мұнай көлемін шектеуі себеп болған еді.

XS
SM
MD
LG