Accessibility links

Ресейлік «Яблоко» партиясына жаңа басшы сайланды


«Яблоко» партиясының жаңадан сайланған жетекшісі Эмилия Слабунова. Мәскеу, 19 желтоқсан 2015 жыл.
«Яблоко» партиясының жаңадан сайланған жетекшісі Эмилия Слабунова. Мәскеу, 19 желтоқсан 2015 жыл.

Мәскеуде сенбі күні өткен «Яблоко» партиясы съезінде Карелия аймағы заң шығару органының депутаты Эмилия Слабунова ұйым төрағалығына жаңадан сайланды.

Жаңа жетекшіні сайлау үшін делегаттарға екі кезең дауыс беруге тура келді. Алғашқы турда төрт кандидаттың арасынан көбірек дауыс жиған Эмилия Слабунова (74 дауыс алған) мен Лев Шлосберг (38 дауыс) екінші кезеңде өзара қайта сынға түсті. Нәтижесінде 91 дауысқа ие болған Слабунова партия басшысы болып сайланды. Шлосбергті екінші турда 56 делегат қолдаған.

«Яблоко» партиясын осы кезге дейін басқарып келген Сергей Митрохин, сонымен бірге партияның негізін қалаған Григорий Явлинский Слабуноваға қолдау білдірген. Бұл екі саясаткер осының алдында партия жетекшісі сайлауынан өз кандидатураларын қайтарып алған.

Бұған дейін съезд делегаттары партия жарғысына бір адамның «Яблоко» партиясы төрағасы қызметіне ең көбі екі мәрте және жалпы жиыны сегіз жылдан аспайтын мерзімге сайлана алатыны туралы түзету енгізген.

XS
SM
MD
LG