Accessibility links

Путин: Сирияда қосымша әскери құралдар қолдана аламыз


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 17 желтоқсан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 17 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин өз еліне террористер тікелей қауіп төндіріп отырғаны туралы мәлімдеді.

Сенбі күні Кремльде Ресей қауіпсіздік органдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты кеште сөйлеген сөзінде Путин «террористер өркениетке, бүкіл әлемдік қауымдастыққа қарсы ашық соғыс жариялады. Олардың іс-әрекеті мен жоспары біздің елімізге де тікелей қауіп төндіреді» деп мәлімдеген.

Бұған қоса Путин Сирияда әскери операциялар жүргізіп жатқан Ресей «қажет болған жағдайда қосымша әскери құралдарды пайдалануы» мүмкін екенін айтқан.

Сонымен бірге Ресей президенті қауіпсіздік органдарын өз қызметінде террористер эмиссарлары мен үгітшілерін ауыздықтауға айрықша назар бөлуге шақырған.

Путиннің сөзінше, Ресейде кейбір шетелдердің барлау қызметтері белсенділігі артқан. «2015 жылы 320-дан аса кәсіби барлау қызметкерлері мен агенттер әшкереленген» дейді Кремль басшысы.

XS
SM
MD
LG