Accessibility links

Испания сайлауында консерваторлар алда келеді


Испания премьер-министрі Мариано Рахой.
Испания премьер-министрі Мариано Рахой.

Экзит-полл нәтижелері бойынша, Испаниядағы парламент сайлауында премьер-министр Мариано Рахойдың "Халық партиясы" алда келеді.

20 желтоқсан күні өткен сайлау кезінде жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, "Халық партиясы" 350 орындық парламенттен 114 пен 124 аралығында орын иеленген. Бірақ бұл ұйым парламентте абсалютті көпшілікке ие болатын 176 орынға жете алмаған.

Оппозициялық социалистер екінші орында келеді. Олардың үлесінде 79-85 орын бар. Қатаң экономика саясатына қарсы партиялар - "Подемос" пен либералдық "Сиюдаданос" партиялары үшінші және төртінші орында тұр.

Сарапшылар бұл жолғы сайлаудың қорытындысы Еуропа Одағындағы экономикалық қуаты жағынан бесінші ел - Испанияны рецессиядан шығаруға және елдегі жұмыссыздықты азайтуға көмектескен экономикалық реформаларға кедергі келтіруі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG