Accessibility links

Ресей ұшақтары Сирияның Идлиб қаласын бомбалады


Ресей ұшақтарының Сирияның Идлиб провинциясы аумағын бомбалауы.
Ресей ұшақтарының Сирияның Идлиб провинциясы аумағын бомбалауы.

Ресей әскери ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі көтерілісшілер қолындағы Идлиб қаласын бомбалап, ондаған адам қаза тапты. 20 желтоқсан күні жасалған әуе шабуылында базар, үкіметтің бірнеше ғимараты мен көпқабатты үйлерге бомба түскен. Қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, шабуылдан 36 адам қаза тауып, одан көп адам жараланған. Бірақ Reuters агенттігі құтқарушылардың 43 адамның мерт болғанын растағанын, үйінді астынан алып шыққан тағы 30 адамның жағдайын анықтау қажет екенін хабарлады. Reuters-тің дерегі бойынша, жараланған 150-ге тарта адам Түркия ауруханаларына жөнелтілген.

Ресей әуе күштері қолдайтын Сирия армиясы әскерилері 20 желтоқсан күні Алеппо провинциясының оңтүстігіндегі көтерілісшілер қолындағы Хан Тумен қаласын қайтарып алғанын хабарлаған. Бұл қала - елдің батысындағы Идлиб провинциясына шабуылдауға жол ашатын негізгі пункт саналады.

XS
SM
MD
LG