Accessibility links

HRW: Ресей Сирияда кассеталық бомба қолданған


Сирияның Латакиядағы әскери базасында тұрған Ресейдің Су-34 бомбалаушы ұшағы.
Сирияның Латакиядағы әскери базасында тұрған Ресейдің Су-34 бомбалаушы ұшағы.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Мәскеу мен Дамаскіні Сирияда тыйым салынған кассеталық бомбаларды "кеңінен қолданды" деп айыптады.

HRW Ресей Сирияда әскери операция бастаған 30 қыркүйектен бері кемінде 20 рет кассеталық бомба қолданған фактісін тіркегенін айтады.

Ұйымның мәліметнше, тоғыз жерде жасалған шабуылдан кем дегенде 35 бейбіт тұрғын, оның ішінде бес әйел мен 17 бала қаза тауып, ондаған адам жараланған. Баспанасынан айырылғандар тұрып жатқан лагерге екі рет шабуыл жасалған. Кассеталық бомба қолданып жасалған шабуылдардың барлығы оппозицияшыл топтар бақылайтын аймақтарда болған.

"Сирияның қаруды тәртіппен қолдану туралы уәдесі кассеталық бомбалардан бейбіт тұрғындар опат болып жатқанда бос сөз болып көрінеді деді ұйым директорының төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары Оле Солванг.

Кассеталық бомба - құрлықтан артиллерия мен зымырандар арқылы атылатын немесе әуеден ұшақпен тасталатын басқарылмайтын жарылғыш зат. Әлемде бұл қару түріне 118 мемлекет тыйым салған.

XS
SM
MD
LG