Accessibility links

Жер субсидиясының тиімсіз екені айтылды


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров. Шымкент, 23 желтоқсан 2015 жыл.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров. Шымкент, 23 желтоқсан 2015 жыл.

Бүгін Шымкенттегі көрме орталығында өткен фермерлер мәжілісінде субсидиялардың тиімсіздігі мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және мемлекеттік субсидиялау тәртібін өзгерту мәселелері талқыланды.

Қазақстан фермерлер одағының ұйымдастыруымен өткен мәжіліске ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері, 500-ге жуық фермер қатысты.

- Ауыл шаруашылығында субсидияның бәрі алынбайды. Бізде бір ғана тиімсіз субсидия бар. Ол - жердің әр гектарына төленетін субсидия. Осы субсидияға бөлініп жатқан 41,1 миллиард теңге енді басқа салаға беріледі. Мысалы, шаруалар лизингке техниканы 14 пайыздық үстемемен алса, оның 7 пайызы субсидияланады, - дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров Азаттыққа.

Жиында министрлік пен әкімдік өкілдері ауыл шаруашылығы кооперативтері мен субсидия жүйесін реформалау мемлекетке де, шаруаға да тиімді екенін түсіндірді. Ал шаруалар ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, субсидиялау жүйесін реформалауға диқандар дайын емес екенін айтты. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының мақташылары әр гектар жерге мемлекет тарапынан берілетін субсидияның алынып тасталғанына наразылық білдірді.

XS
SM
MD
LG