Accessibility links

Парламент Азия даму банкінен несие алуды қолдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті сенаты бүгін Азия даму банкінен 1 миллиард АҚШ долларына тең несие алу туралы келісім жобасын мақұлдады.

Қаржы 2016 жылғы бюджет тапшылығын жоюға жұмсалады. Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Азия даму банкі қаржыны бес жыл мерзім ішінде қайтару шартымен беріп отырғанын айтқан. Келісімді кеше парламент мәжілісі мақұлдады.

Азия даму банкі тамыз айында несие Қазақстанға "әлемде мұнай бағасының күрт арзандауы мен көршілес елдер экономикасының құлдырауының кері әсерін азайтып, қаржылық еркіндікке қол жеткізу үшін" берілетінін мәлімдеген. Банк несиені 500 миллион доллардан екі бөліп бермек.

XS
SM
MD
LG