Ресей Қазақстанға келісім бойынша тегін беретін С-300ПС зениттік зымыран кешенін түгел жеткізіп болды деп хабарлады Ресей қорғаныс министрі Сергеу Шойгуге сілтеме жасаған "РИА Новости" агенттігі.
Мәскеуде Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен Шойгу "Қазақстанға қайтарымсыз түрде С-300ПС кешендерін беру жобасы аяқталды. Осылайша Біріккен әуе-қорғанысы жүйесін құруға үлкен үлес қосылды және ол іс жүзінде кешенмен толық жабдықталды деп айтуға болады" деген. Ол бұған қоса Балқаш алабын Рсеейдің зымыран шабуылынан алдын ала ескерту жүйесіне беру және оны ары қарайғы пайдаланушарттары туралы келісімнің ратификацияланғанын да айтты.
Азаттық Қазақстан қорғаныс министрлігінен С-300ПС кешендерінің толық жеткізілгені туралы ақпараттың растығын білмек болған. Министрліктің баспасөз қызметі бұл мәселеге жауапты адамның еңбек демалысына кеткенін айтып, жауап бермеді.
Ресейдің Қазақстанға С-300ПС кешенінің бес полкін тегін беретіні өткен жылы айтылған. Биыл тамызда бес С-300ПС кешені Алматы маңына жеткізілгені хабарланған. Қазақстан қорғаныс министрлігі бұған дейін С-300ПС кешендері Қазақстанның әуе кеңістігін қорғайтынын айтқан.
С-300ПС зенит зымыран кешені төмен қашықтықта ұшатын шағын нысандарды жоюға арналған.