Accessibility links

Атамбаев: Ресей Қырғызстандағы ГЭС-ті сала алмай отыр


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 24 желтоқсан 2015 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 24 желтоқсан 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей бұған дейін келісілген Қырғызстандағы екі су электр станциясы жобасын қаржыландыра алмайтынын мәлімдеді.

Атамбаевтың сөзінше, Қырғызстан Қамбарата ГЭС-і мен Жоғары Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салуға басқа серіктес іздейді. Екі жоба құны 3,2 миллиард долларға бағаланып отыр.

"Ресей экономикасы өсім үстінде емес әрі мұнай бағасы кері кетіп барады" деген Атамбаев бұл мәселені осы аптаның басында Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенінде талқылағанын айтты.

"Өкінішке орай, қазір жағдай осылай болып тұр. Ресей бұл жобаларды іске асыра алмайын деп тұр және бұл дәрменсіздік ұзаққа созылатын түрі бар" деді Атамбаев.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қаржы мәселесінде қиындық бар екенін растағанымен, Ресей бұл жобалардан бас тартады деген тұжырымды "ерте айтылған" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG