Accessibility links

Араб лигасы: Түркия Ирактан әскерін әкетсін


Ирак сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафари.
Ирак сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафари.

Араб лигасы елдері Түркияны Ирактың солтүстігіне апарған әскерін әкетуді талап етті.

Каирде өткен араб елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Түркияның әскер түсіруін "Ирак егемендігіне қол сұғу" және "араб ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіру" деп атап, Анкарадан әскерін әкетуді талап етті.

Араб лигасының басшысы Ахмед Бен Хели Түркия әскері бұған қоса аймақта "бүлік тудырғанын" да айтты.

Анкара 20 желтоқсанда Бағдадпен шиеленісті бәсеңсіту үшін Ирактың солтүстігіндегі әскерін әкете бастағанын хабарлаған.

Түркия Ирактың солтүстігіндегі "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының содырлары бақылауындағы аймаққа жақын Ниневия провинциясында ирак әскерін ИМ содырларымен күреске даярлау бағдарламасы бойынша біраздан бері әскер ұстайды. Желтоқсанның басында Им зымыран шабуылынан зардап шеге бастаған кейбір әскери кеңесшілерін қорғау үшін қосымша әскер кіргізген.

Ирак сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафари Түркия әскерін шын мәнінде шығарып жатпағанын, оларды тек Ирактың Күрдістан автономиялық ауданына апарып жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG