Донбаста өткен тәулікте ресейшіл сепаратистер украиналық әскерилердің позицияларына 66 рет оқ атқан. Бұл туралы бүгін украиналық әскери операциялар баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған.
Оның мәліметі бойынша, сенбі күні жікшілдер Зайцево елді мекенін 82 миллиметрлік минометтен, гранатометтерден, зениттік қондырғылардан, БМП және әскери танк қаруынан атқылаған.
Баспасөз қызметінің хабарламасында Марьинка елді мекені маңындағы украиналық әскерилер позициясына атыс қаруы мен гранатометтерден бес рет оқ жаудырылғаны айтылған. «Жаудың оқ ұясының үнін өшіру үшін оған жауап ретінде рұқсат етілген қару түрлерінен оқ атуға мәжбүр болдық» делінген хабарламада.
Сонымен бірге ақпаратта кеше қарсылас екі тарап арасын бөліп тұрған сызық бойының басқа да тұстарында оқ атылғаны айтылған.