Бүгін Алматыдан оңтүстікке қарай 359 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Астана уақыты бойынша сағат 16:38 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, 5 километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.
Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.