Accessibility links

Алматыда құрылысшылар даулы жалақысын талап етті


"ҚұмБел компаниясы" ЖШС-і арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар еңбекақыларын даулап тұр. Алматы, 29 желтоқсан 2015 жыл.
"ҚұмБел компаниясы" ЖШС-і арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар еңбекақыларын даулап тұр. Алматы, 29 желтоқсан 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы Сәтпаев пен Щепетков көшесінің қиылысында орналасқан "ҚұмБел компаниясы" ЖШС-і мекемесі алдына жиналған бір топ жұмысшы еңбекақыларын талап етті.

"ҚұмБел компаниясы" арқылы Алматыдағы "Психоневрологиялық ауруларға шалдыққан мүгедектерге арналған интернат үйі" мемлекеттік мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген "Happy Future" жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Анар Жолдасбекқызы аталған мекеменің өздеріне 5 миллион тенге "берешек" екенін айтады.

- Біз 42 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа қол қойып, келісімшарт арқылы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталған. Алайда "ҚұмБел компаниясының" басшылығы берешектерін толық қайтармай отыр, - дейді Азаттыққа Анар Жолдасбекқызы.

Алайда компания директоры Мәлік Айнақұлов Азаттық тілшісіне "жұмысшыларға 1 миллион 500 мың тенге ғана берешек" екендерін айтып, қалған қарыздарды толық өтегенін" жеткізді.
Жиналғандарға "Бір жарым миллион тенгелеріңді ішке кіріп алып кетіңдер" деген компания директоры басқа беретін берешектері барын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG