Accessibility links

Бельгияда шабуыл жасауға күдікті 2 адам ұсталды


Брюссельдегі рейд кезіндегі полиция арнайы жасағы. Бельгия, 20 желтоқсан 2015 жыл.
Брюссельдегі рейд кезіндегі полиция арнайы жасағы. Бельгия, 20 желтоқсан 2015 жыл.

Бельгия билігі Брюссельде жаңа жыл мерекесі кезінде шабуыл жасауды жоспарлады деген күдікпен екі адам қамалғанын хабарлады.

Бельгия прокуратурасының хабарлауынша, екі күдікті 27 және 28 желтоқсан күндері Брюссель, Льеже және Фламанд Брабанты провинциясында жүргізілген рейдтер кезінде ұсталған. Қамалғандардың аты-жөні, жасы мен жынысы айтылмайды.

Тінту кезінде әскери киім, флэшкалар мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына тиісті делінген үгіт-насихат материалдары табылған. Әуелде алты адам ұсталып, кейін төртеуі босатылған.

Бельгия прокуратурасының мәлімдеуінше, рейдтер 13 қарашада Парижде болған шабуылдармен байланысты емес.

XS
SM
MD
LG