Accessibility links

Иран Батыс әскери кемелеріне жақын зымыран атқан


Иранның жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу сәті. (Көрнекі сурет).
Иранның жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу сәті. (Көрнекі сурет).

Иран Революция сақшылары корпусы Парсы шығанағына еніп келе жатқан Батыс елдерінің үш әскери кемесіне жақын аумаққа зымыран атты. Зымырандар кемелерге қарсы атылмаған.

АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, зымырандар кемелерге қарсы атылмаған. Бірақ америкалық "Трумэн" авианосеці 26 желтоқсанда ирандық кемелер жаттығу өткізіп, зымыран атқан аумақтан бір жарым километрден астам қашықтықта келе жатқан.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Кайл Рейнс "Трумэн" авианосеціне тек зымыран атылардан 23 минут бұрын ескерту жасалғанын айтып, мұны "қатты арандатушылық әрекет" деп атады.

Оның сөзінше, Батыс елдерінің әскери кемелері зымыран атылғанда Парсы шығанағына кіреберістегі тарлау Ормуз бұғазынан өтіп келе жатқан.

XS
SM
MD
LG