Accessibility links

Ирак Түркиядан әскерін шығаруды талап етті


Түркия әскері. (Көрнекі сурет)
Түркия әскері. (Көрнекі сурет)

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади "Түркия елдің солтүстігінен әскерін шығару туралы міндеткерлігін орындамай отыр" деп мәлімдеді. Түркия әскері мұнда Ирак жауынгерлерін "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) содырларымен соғысуға дайындаумен айналысып келген.

Премьер мәлімдемесімен қатар Ирактың сыртқы істер министрі Ибрагим әл-Жафари "үкіметтің ел аумағын түрік ескерінен қорғау үшін әскери әрекеттерге баруы мүмкін екенін" ескертті.

Желтоқсан айының басында Анкара Иракқа 150-ге жуық әскерилерін жіберген еді. Түркия мұнысын солдаттар жаттығатын Башик базасы маңындағы әскери ахуалдың ушығып кеткенімен түсіндірген. Кейіннен Түркия кейбір әскерилерін елге қайтарғанымен, кірген сарбаздар толық шықпайтынын мәлімдеген.

Ирак премьері Абади "Түркия өзінің әскери жаттықтырушыларын Иракқа кіргізіп, оларды қатерге тігіп отыр. Өйтіп сарбаздарды қауіпке итермелеудің себептері жоқ" деген.

Башик базасы шекарадан 90 километр қашықтықта жатыр. Бұл дипломатиялық қақтығыс мәселесін келесі айда Түркияға келетін АҚШ вице-президенті Джо Байден тараптармен талқылауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG