Ауа райының нашарлауы себепті бүгін Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында бірқатар жолдар жабылды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар қызметі.
Шығыс Қазақстанда боранға байланысты Қарағанды-Аягөз-Боғас, Омбы-Майқапшағай-Боран-Теректі және Күршім-Қалжыр тас жолдарында автокөлік қозғалысы тоқтатылған.
Ақтөбе облысында бұрқасын болғандықтан, Ақтөбе-Хромтау бағытындағы жол уақытша жабылған.
Қостанай облысында боран салдарынан Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл жолындажүк және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылған.