Accessibility links

Дели көршісін шабуыл бойынша нақты іске шақырды


Үндістанның арнайы қызмет сарбаздары. Патанкот, 4 қаңтар 2015 жыл
Үндістанның арнайы қызмет сарбаздары. Патанкот, 4 қаңтар 2015 жыл

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди пәкістандық әріптесін шекара түбіндегі үнді әскери әуе базасына шабуыл жасалған соң содырларға қарсы "нақты және шұғыл әрекет" етуге шақырды.

Нарендра Моди Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифпен телефон арқылы сөйлескен соң 5 қаңтар күні жарияланған үкіметтің ресми хабарламасында: "Моди Патанкоттағы терактіге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдарға қарсы Пәкістанның нақты және шұғыл әрекет жасауы керектігіне баса назар аударды" деп жазылған.

Пенджаб штатындағы Патанкот ауданында орналасқан әскери әуе базаға 2 - 5 қаңтар арасында жасалған шабуыл кезінде жеті үндістандық жауынгер қаза тапқан. Үндістанның қорғаныс министрі Манохар Парикар 5 қаңтарда алты содырдың өлгенін мәлімдеді. Әуе базасындағы атыс 5 қаңтарға қараған түні тоқтаған.

Біріккен Джихад Кеңесі деп аталатын 13 кашмирлік көтерілісші топ құрған ұйым шабуылды өз мүшелері жасады деп жариялаған. Үндістан Пәкістанды Кашмирдегі содырларды қаруландырып, дайындықтан өткізіп отыр деп айыптап келеді. Пәкістан оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG