Accessibility links

Астана Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдайтынын мәлімдеді


Қазақстан cыртқы істер министрлігі ғимараты.
Қазақстан cыртқы істер министрлігі ғимараты.

Қазақстан cыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, алаңдаушылық білдірді.

Министрлік мәлімдемесінде "Әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төнген кезде және терроризмге қарсы жаһандық күресті ұлғайту қажеттігі артқан жағдайда Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне алаңдаушылық білдіреді" деп жазылған.

Қазақстан Сауд Арабиясы және Иранды, сондай-ақ басқа да мемлекеттерді конфессияаралық шиеленістің әрі қарай өршіп кетпеуі үшін дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіруге шақырды.

2 қаңтар күні Сауд Арабиясында шииттер өкілі, шейх Нимр әл-Нимрге шығарылған өлім жазасының орындалуы әлемнің бірқатар елдерінде наразылық шараларына ұласқан. Нимр әл-Нимрдің қазасына байланысты мұсылман шииттердің наразылық шерулері Бахрейн, Ирак, Иран, Ливан, Йемен, сонымен бірге Сауд Арабиясында да өткен. Ал Иран астанасы Тегеранда наразылар Сауд Арабиясының елшілігі мен консулдығына шабуыл жасаған еді.

3 қаңтар күні Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзген. Кейін Бахрейн мен Судан да осындай шешім қабылдаған. Ал Біріккен Араб Әмірліктері Иранмен байланысы барынша шектелетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG