Әлемде мұнай бағасы арзандаған кезде Ресей рублі мен Қазақстан теңгесі де негізгі валюталармен салыстырғанда құнсызданып барады.
Сәрсенбі күнгі биржа курсы бойынша 1 АҚШ доллары 74 рубльден, 1 еуро 79 рубльден асты. Бұған дейін, 2014 жылдың 16 желтоқсанында доллар бағамы 80 рубльден асқан.
Қазақстан теңгесі де бүгінгі қор биржасында кешегіден арзандап, 1 доллардың бағамы 344,68 теңгеге жетті.
6 қаңтар күні таңертең Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы соңғы 11 жылдағы ең төменгі деңгейге - 35,72 долларға дейін түскен.