Accessibility links

Француз композиторы Пьер Булез дүние салды


Француз композиторы, дирижер Пьер Булез.
Француз композиторы, дирижер Пьер Булез.

Германияның Баден-Баден қаласында 91 жасқа қараған шағында белгілі француз композиторы, дирижер Пьер Булез дүниеден өтті.

Кливленд және Нью-Йорк филармониялық оркестрлеріне жетекшілік еткен, британдық ВВС корпорациясының симфониялық оркестрін басқарған Пьер Булез француз музыкалық авангарды лидерлерінің бірі саналатын.

Ол музыка саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін құрылған француздың музыка мен акустиканы зерттеу және үйлестіру институтын 1974 жылдан 1992 жылға дейін басқарған.

Пьер Булезге музыка саласы бойынша беделді «Грэмми» сыйлығы бірнеше рет берілген. Сонымен бірге ол әлемнің түрлі елдерінің мемлекеттік және кәсіби наградаларының иегері.

XS
SM
MD
LG