Accessibility links

Назарбаев Рождество мейрамымен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін Орыс православие шіркеуі бірінші дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттау рәсімінде тұр. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін Орыс православие шіркеуі бірінші дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттау рәсімінде тұр. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты. Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда» делінген президент құттықтауында.

Назарбаев барша жұртшылыққа денсаулық, бақыт, молшылық пен игілік тілеген.

Бүгінгі Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер Алматы мен Астанада және Қазақстанның өзге де аймақтарында өткізілді.

Православтардың Рождество мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG