Accessibility links

Қазақстан Украинадан әкелетін жүк жайын айтты


"100 километрге - 3000 рубль"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау департаменті бастығы қызметін уақытша атқарушы Қайрат Маубаев. Астана, 8 қаңтар 2016 жыл.

Украинадан Қазақстанға келе жатқан 170 жүк көлігі екі ел арасындағы жаңа жүк тасымалы ережесіне сай Ресей шекарасынан өтпей, кері жіберілген деп хабарлады қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау департаменті бастығы қызметін уақытша атқарушы Қайрат Маубаев.

Оның сөзінше, 1 қаңтардан бастап Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығы бойынша Украинадан Қазақстанға баратын жүктер Беларусь арқылы өтуі тиіс. Маубаевтың айтуынша, жаңа ережеге сай жүк көліктері Ресейде әр 100 километр жолға орта есеппен 3 мың рубль (бүгінгі курс бойынша шамамен 40 доллар) төлеуі тиіс.

Ресей 1 қаңтардан бастап Украинамен еркін сауда аймағы келісімін тоқтатқан. Оған Украинаның Еуропа Одағымен жасасқан еркін сауда аймағы келісімі себеп болған.

XS
SM
MD
LG