Accessibility links

ИМ Каирдегі шабуылды мойнына алды


Шабуыл болған маңда тұрған полиция. Каир. 7 қаңтар 2015 жыл.
Шабуыл болған маңда тұрған полиция. Каир. 7 қаңтар 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы Египет астанасы Каирде израильдік туристерге жасалған шабуылды мойнына алды.

ИМ содырлары бұл шабуыл лидерлері Абу Бакр әл-Бағдадидың "барлық еврейлерге қауіп төндіру" бұйрығы бойынша жасалған әрекет екенін айтты.

7 қаңтарда Каирде қонақ үйден шығып, автобусқа мініп жатқан израильдік туристерге белгісіз адамдар оқ атқан. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.

Өткен жылы 26 желтоқсанда интернетте жарияланған аудио жазбада әл-Бағдади израильдіктерге шабуыл жасалатынын, жақын күндері өз әскері "Палестинаға барып ислам мемлекетін құратынын" айтқан.

XS
SM
MD
LG