Accessibility links

Арменияда "доңыз тұмауынан" төрт адам өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Арменияда H1N1 («доңыз тұмауы») вирусы салдарынан осы уақытқа дейін төрт адам қайтыс болған. Бұл туралы жұма күні елдің жұқпалы аурулар бойынша бас дәрігері Ара Асоян мәлімдеді. Ол «дерт асқынып кеткендіктен оларды ажалдан арашалап қалуға медицина шарасыз» болғанын айтқан.

Асоянның сөзінше, қазіргі уақытта Армания ауруханаларында «доңыз тұмауы» диагнозы қойылған тағы сегіз адам дәрігерлер бақылауында, олардың арасында жүкті әйел де бар. Жағдайлары өте ауыр олар тыныс алу аппаратына қосылған деп хабарлады «Новости» агенттігі.

Арменияда тұмау дертімен ауруханаға 150 бала мен 120 жүкті әйел жатқызылған. Науқастардың 80 пайызы H1N1 вирусы түріне жататын дерт жұқтырған болуы мүмкін деген күдік бар. «Бірнеше мың науқасты емдеу үшін вирусқа қарсы «Тамифлю» препараты берілді. Мүмкіндігі жоқтарға бұл дәрі тегін таратылды» дейді Асоян.

Ол ауруды өз бетінше емдеу салдары ауыр жағдайға соқтыруы ықтимал екенін ескертіп, дерт белгісі байқалысымен науқастың дереу дәрігерге қаралуына кеңес береді.

XS
SM
MD
LG