Приштинадағы полиция мен шерушілер қақтығысы
Косово астанасы Приштина қаласында 9 қаңтарда үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, парламент ғимаратына тас пен жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырған шерушілерге қарсы полиция көзден жас ағызатын газ шашты. Косово қалалары мен ауылдық жерлерінен Приштинадағы шеруге жиналған мыңдаған адам үкіметтен Сербиямен жасасқан келісімнен бас тартуды талап етеді. Ол құжат сербтер басым тұратын муниципалитеттер өкілеттігін кеңейтуді көздейді.