Accessibility links

Исламабадта ауған бейбіт келіссөзі басталады


Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла.
Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла.

Ауғанстан, Пәкістан, АҚШ және Қытай билігі өкілдері бүгін Исламабадта ауған бейбіт процесін жандандыру жөніндегі келіссөз бастайды. Төрт ел делегациясы Кабул мен "Талибан" арасында тікелей келіссөз жүргізудің жолы мен шартттарын талқылайды. Бірақ бұл жолғы кездесуге "Талибан" өкілдері қатыспайды.

Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулланың баспасөз хатшысы Жавед Фейсалдың France Press агенттігіне хабарлауынша, келіссөзде бейбіт процессті бастау мен оны жүргізу тетіктері талқыланады. Фейсал бұған қоса Пәкістан Кабулмен келіссөз жүргізгісі келетін "Талибан" өкілдерінің тізімін ұсынатынын да айтқан. Оның сөзінше, Исламабад Пәкістандағы "Талибан" жасақтарын қаржылай қолдауды доғаруға және өзіндегі содырлардың Ауғанстанға қарай ойысуына мүмкіндік бермеуге келіскен.

Кабул бұған дейін Исламабадты Ауғанстандағы "Талибанды" жасырын түрде қолдап отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG