Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыповпен кездесіп, төменгі палатаның негізгі бағыттары жөнінде талқылады деп хабарлады Ақорда сайты.
Кездесуде президент Назарбаев "парламенттің бес институционалды реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесі бойынша жемісті жұмыс жүргізгенін" де айтқан.
Бесінші сайланған парламент мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталған.