Accessibility links

Әндіжан оқиғасын "басқарған" Юлдашевтің қазасы хабарланды


Өзбекстандағы "Акрамия" діни ұйымының жетекшісі Акрам Юлдашев.
Өзбекстандағы "Акрамия" діни ұйымының жетекшісі Акрам Юлдашев.

Өзбекстанда 2005 жылы Әндіжандағы наразылықты "басқарған" Акрам Юлдашев бес жыл бұрын, 47 жасында түрмеде қайтыс болып кеткен деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы.

Өзбекстан билігіндегі шенеуніктің Азаттыққа айтуынша, "Акрамия" діни ұйымының жетекшісі Акрам Юлдашев 2011 жылы түрме абақтысында көз жұмғанын айтып, басқа ақпарат беруден бас тартқан.

Өзбекстан құқық қорғау органдарындағы басқа дереккөзі "Акрамия" жетекшісі туберкулезден қайтыс болғанын айтты.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған өзбек құқық қорғаушысының бірі Азаттыққа бес жыл бұрын Юлдашевтың қайтыс болғаны туралы әңгімелер естігенін хабарлады.

Акрам Юлдашев 1999 жылы 17 ақпанда терроризм айыбымен тұтқындалған. Өзбекстан соты оны 17 жылға соттап, жазасын бір кісілік камерада өтеуді кескен.

2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қаласында алаңға шыққан жұртқа Өзбекстан полициясы оқ жаудырып, ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапты. Бабыр алаңында билік "акрамистер" деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өткен еді. Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған "Акрамия" қозғалысының жақтастары" деп мәлімдеді. Кейін бұл оқиғаға қатысты сот процесінде Юлдашевтің түрмеде отырғанда тергеуде берген жауабының видео жазбасы көрсетілген. Онда Юлдашев Әндіжандағы наразылықты өзі ұйымдастырғанын "мойындаған".

Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде де талаптар қойған еді.

XS
SM
MD
LG