Accessibility links

Алматыда борышкерлер наразылық танытты


"АТФ Банкі" алдындағы борышкерлер наразылығы. Алматы, 12 қаңтар 2016 жыл.

Алматыда бүгін ондаған борышкер "АТФ Банкі" мен "Fortebank" алдына жиналып, наразылық танытып жатыр.

Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, борышкерлер банктерден ипотекалық несиеге алған үйлері үшін төлейтін ақшасын бұрынғы есептелгені бойынша емес, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкестендіріп есептеп төлеуді талап етеді.

"АТФ Банкі" алдына жиналғандар әуеге "АТФ Банк" деген жазуы бар шар ұшырып, өздерімен бірге алып келген табытқа "банкті жерлеу" шарасын жасады. Бұдан соң олар банк басшылығының өздерімен сөйлесуін талап етті. Банктен боышкерлермен сөйлесуге ешкім шыққан жоқ. Бірақ банктен шыққан қызметкер жиналғандарды бір-бірден ішке кіргізіп сөйлесіп жатыр.

Қалған борышкерлер Фурманов көшесінің бойымен "Fortebank" бөлімшесіне шерулетіп барды. Борышкерлер көше бойымен "Өтемұратов, кел!", "Халыққа баспанасын қалдырайық!" деп ұрандатып жүіп өтті. Жолда олармен бірге полицейлер де жүрді. "Fortebank"-тен әзірге борышкерлермен сөйлесуге ешкім шықпады.

XS
SM
MD
LG